Маңғыстау тұрғындары даладан аққу тауып алды

Фото: None
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында Боранқұл ауылының маңында теміржол қызметкерлері екі аққу тауып алды.

Құстарды орман шаруашылығы және жануарлар әлеміинспекциясының мамандарына берді. Бұл туралы оқиғаның куәгері Азамат Исқалиевайтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.

Күтпеген қонақтарды бүгін, 20 тамызда тауып алған.

Теміржол қызметкерлері Боранқұл ауылының маңында екіаққуды тапқан. Ер адамдар құстарға су беріп, оларды таяу маңдағы суға жеткізуүшін жергілікті атқарушы органдармен байланысқан.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарларәлемі аумақтық инспекциясы аң аулау шаруашылығы бөлімінің басшысы ТұрғанбайШапағатовтың айтуынша, оқиға орнына ведомство мамандары барған.

«Құстарды ветеринарлар тексергеннен кейін Қаракөлкөліне алып барады», - деп түсіндірді Тұрғанбай Шапағатов.

Соңғы жаңалықтар