Бұл туралы «ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өңірдегі электр энергиясының қазіргі тапшылығын ескерген «ҚазАзот» басшылығы электр қуатын тұрмыстық тұтынушыларға бағыттау туралы шешім қабылдады. Қазір «ҚазАзот» АҚ зауыты желіге 24 МВт/сағ электр энергиясын өндіріп жатыр. Өндіріс толық тоқтатылғаннан кейін электр энергиясын желіге шығару 29÷30 МВт/сағ дейін артады», - делінген баспасөз мәліметінде.
Өндірісті тоқтату кезең-кезеңімен орындалады. Кеше, 13 тамызда зауытта кешенді минералды тыңайтқыштар цехының жұмысын тоқтату басталды. Бүгін түнде, 14 тамызда күрделі минералды тыңайтқыштар зауыты, әлсіз азот қышқылы цехы және аммиак өндірісі тоқтатылады.
Осыған дейін Маңғыстау облысында елді мекендер кезең-кезеңімен электр энергиясынан ажыратылатынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ МАЭК-тегі апатқа байланысы Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізілгелі жатыр.