Обыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданының Сайын Шапағатов селосындағы салынып бітпеген үйдің жанында күдікті ер кісіні ұстаған.
Мамандар жедел-іздестіру шарасы барысында «Чак» қызметтік итін операцияға пайдаланған.
Тінту барысында одан «марихуана» есірткі заты салынған сіріңке қорапшасы мен құрылысы аяқталмаған үйде азаматқа тиесілі 3 жасыл қаптағы жалпы салмағы 83 кг 582 грамм болатын марихуана тәркіленген.
Маңғыстау облысы ІІД Тергеу басқармасы бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда. Қазіргі таңда күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес Ақтау қаласындағы Уақытша ұстау абақтысына қамалды.