Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқитын жастар 3 күн бойы түрлі сынақтан өтіп, өзара мықтыны анықтайды. Олар кірпіш қалау, майлау, сылау, дәнекерлеу, тамақ пісіру, киім тігу және автокөлік жөндеу сынды кәсіптер бойынша сайысқа түседі. Студент-жастардың жұмысын 300-ден аса сарапшы бағалайтын болады.
Чемпионаттың басты мақсаты - жұмысшы мамандығын дәріптеп, жастардың қызығушылығын арттыру.
«Бүгіннен бастап Worldskills Актау өңірлік чемпионаты өткізілуде. Жабылу салтанаты - 5 сәуірде. Чемпионат біздің өңірде 5-інші рет ұйымдастырылып отыр. Барлығы 19 алаңда өтеді. Олардың арасында Ақтау қаласы, Жаңаөзен қаласы, Қарақия ауданы бар. Біздің қатысушы студенттерімізге сәттілік тілейміз», - дейді Маңғыстау облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева.