Маңғыстау жылу электр станциясында энергия блоктары апатты жағдайда ажыратылды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау жылу электр станциясында энергия блоктары апатты жағдайда ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «KEGOC» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 мамырда «МАЭК» ЖШС жылу электр станциясында энергия блоктары апатты жағдайда ажыратылды, бұл электр энергиясының тапшылығына алып келді. Сағат 13:24-те (Астана уақытымен) 128 МВт генерациясы бар №3 энергоблок апатты жағдайда ажыратылды. Сағат 17:38-де 160 МВт генерациясы бар №2 энергоблок апатты түрде ажыратылды.

Энергоблоктарды апаттық жөндеу кезінде «МАЭК» ЖШС электр станциясының өнеркәсіптік тұтынушы кәсіпорындарына шектеулер енгізілетін болады. Бұл ретте халықты энергиямен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. «KEGOC» АҚ электр желілерінде апаттық ажыратулар жоқ», - делінген хабарламада.