«Қазіргі таңда 16 628 бала (83,0%) 1-сыныпқа қабылданды. Оның ішінде 14 844 бала қазақ сыныптарына оқуға өтініш тастаған. Құжаттар электронды түрде egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр», - деді Гүлмира Мамаева.
Маңғыстау облысында балаларды 1-сыныпқа қабылдау 2022 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі.
Айта кетейік, 1-сыныпқа қабылдау үшін порталға келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің 1-қосымшасының нысанына сәйкес өтініш;
2) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 148139 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтама және «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысаны, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен бекітілген № 026/у-3 нысан(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген);