Маңғыстауда 119 мәслихат депутаты өз таңдауын жасап жатыр
Маңғыстаудан Сенат депутаттығына үш кандидат үміткер. Үшеуі де Ақтау қаласының тұрғындары. Парламенттің жоғарғы палатасына сайлау Ақтау қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында өтіп жатыр. Дауыс беруге облыс мәслихаттарының барлық деңгейдегі 119 депутаты жиналды.
«Кандидатқа зор сенім артып отырмыз. Елге, өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуына, әрбір стратегиялық жоспары аясында қызмет етеді деген сенімдеміз. Республикалық деңгейде заң шығару, заңдарды толықтыру бағытында жұмыстар жүргізеді деген сеніммен өз таңдауымды жасадым, дауыс бердім,» - деді Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Жаңбырбай Матаев.
Жалпы Маңғыстау облысы бойынша барлығы 7 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 6 адам өзін өзі ұсынған. Құжаттарының дұрыстығына қарай 3 үміткер тіркелген.
Айта кетсек, бүгін елімізде Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өткіізлуде.
Ал Сенат депутаттығына кандидаттардың толық тізімімен мына сілтеме бойынша өтіп, танысуға болады.