МО Кірістердепартаменті мен Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері бірігіпжүргізген операция нәтижесінде заңсыз алкогольді сусындар сақтаған қойманытапқан.
Оңай олжаныкөздегендер қоймалардың бірінде спирттік ішімдіктерді қолдан жасаған. Осылайша,қымбат арақ-шарапты сатуға шығармақ болған. Алдын-ала мәлімет бойынша,тауарлардың бағасы 3 млн. теңгеден асып жығылады.
«Жинақталғанматериал әрі қарай экономикалық тергеу департаментіне жолданды» деп хабарладыМО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.