Звира Есбергенованың айтуынша, өңірде 315 үміткер бақ сынауда.
«Жақын арада 315 кандидаттың ішінен үздіктерді анықтайтын боламыз. Дауыс беру бастапқы сәттен бастап қарқынды өтіп жатыр. Осы сәтке дейін облыс көлемінде 13 мыңнан аса партиялық өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – жүйеде тіркелген барлық адамның 67%-ын құрайды. Дауыс берудің алғашқы күні «Праймериз» жүйесіне бір уақытта көп адамның кіруіне байланысты жүйеге артық салмақ түсті. Бұл жалпы процесті баяулатып, сұраныстардың өңдеу уақытын ұлғайтады. Қазір «Праймериз» жүйесінің жұмысы бір қалыпқа түсті. Партияластардың барлығы дауыс бере алады, техникалық мәселелер шешілді»,-деді ол.