Маңғыстауда 19 мыңнан астам адам екпе алды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың жалпы саны 19 517 адамды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 сәуірде 440 адам вакцинаның І компонентімен егілген. Атап айтқанда, «Нейрон» медициналық клиникасында-35, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында-85, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында-10, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында-10, №1 Ақтау қалалық емханасында-50, №2 Ақтау қалалық емханасында-170, №2 және №3 Жаңаөзен қалалық емханаларында-55, «Медикер Каспий» медициналық клиникасында-25.

Вакцинаның ІІ компонентімен барлығы 240 адам егілді. «Нейрон» медициналық клиникасында-50, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасында-15, Түпқараған орталық аудандық ауруханасында-15, №1 Ақтау қалалық емханасында-75, №2 Ақтау қалалық емханасында-30, Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында-30, Бейнеу аудандық орталық ауруханасында-25.

Осылайша, облыс бойынша вакцинациялау басталғалы І компонентпен егілгендердің жалпы саны 19 517 адамды құрады.

ІІ компонентпен 2947 адам егілді.

Кез-келген тұрғын өзі тұратын ауданға қарамастан, егу кабинетінің кез-келгенінде екпе жасай алады. Вакцинация дәрігердің алдын ала медициналық тексеруінен кейін ғана жүргізіледі. Процедура тегін.

Бүгінде облыс бойынша екпе салу кабинеттерінің саны 32-ге жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтаудағы теңіз жағалауында көшпелі вакцинация пункті ашылғанын жазған едік.