Маңғыстауда 200 келі бекіре аулаған браконьерлер қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында «Бекіре-2018» республикалық жедел-алдын алу акциясы өтуде.  Табиғат сақшылары екі күннің ішінде екі браконьерді қолға түсіріп, олардан жалпы салмағы 201 келі бекіре тұқымдас балықты тәркіледі, деп хабарлайды lada.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер ВАЗ 21114 маркалы автомобильді тоқтатқан Көліктен жалпы салмағы 30 келіні құрайтын 10 балық табылды.

«Лада Ларгус» көлігін тексеру барысында салоннан жалпы салмағы 171 келі тартатын 35 бекіре балығы табылды. Екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталып кетті», - дейді инспектор Есбол Әзімбеков.

Фото: lada.kz