21 жасар Қырмызының соңғы рет 31 шағын аудандағы «Мағаш» базарынан шығып бара жатқаны бейнетаспаға түсіп қалған.
Туыстарының айтуынша, ол жолдасына хабарласып, таксиге отырғанын айтады. Үйге бара жатырмын деп хабарлаған. Алайда, осыдан соң телефоны өшіп қалады. Үйге де оралмаған.
Айта кетейік, үстінде ақ түсті көйлек, ақ түсті слансы болған. Ерекше белгілері: бойы шамамен 160-165 см, толық денелі, шашы қара түсті (түйілген).
Туыстары қандай да болмасын мәліметтер болған жағдайда төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 47-48-10, 47-48-25, 47-48-02, 53-18-22, 87786662772, немесе 102.