Маңғыстау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлшат Шорбасованың айтуынша, 24 жағдай зертханалық түрде анықталыпты.
«Аймақ бойынша талдау жасағанда: Ақтау қаласында - 6 жағдай, Жаңаөзен қаласында - 14 жағдай, Түпқараған ауданы - 1 жағдай, Маңғыстау ауданы - 1 жағдай, Қарақия ауданы - 1 жағдай, Мұнайлы ауданында - 1 жағдай тіркелді»,-дейді Гүлшат Шорбасова.
Ауру жағдайларының 83,3% -14 жасқа дейінгі балалар арасынан анықталған. Тіркелген қызылша ауруларының 70,8 % қызылша қарсы екпемен қамтылмаған адамдар арасынан тіркелді, оның ішінде 50,0% егу жасына жетпеген, егумен қамтылмаған 1 жасқа дейінгі балалар, 8,3% егу деректері белгісіз адамдар, 4,2% егуден бас тартқан және 8,3% медициналық көрсеткіш бойынша екпе алмағандар.