Қазір Форт-Шевченко қаласында 550 орындық жаңа білім беру нысанының құрылысы аяқталып келеді. Оның ашылуымен облыста үш ауысымды білім беру мәселесі толығымен шешіледі.
Мектептің жанына 120 орындық жатақхана құрылысы жүріп жатыр. Ол белгілі жер қойнауын пайдаланушы компанияның қаражатына салынады.
«Мектеп құрылысына «НКОК» компаниясының 1 млрд. 468 млн. 95 мың 227 теңгесі жұмсалды, мектеп ағымдағы жылдың сәуірінде салынып бітеді», - деп атап өтті Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Талғат Алтынғалиев.