Бұл туралы Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясының төрағасы мәлім етті.
Асқар Рзахановның айтуынша, 10 округ бойынша сайлаушылар тізіміне 14 144 адам енгізілген.
Сайлау күні 11 650 адам сайлауға қатысты, яғни бұл - сайлаушылардың жалпы санының 82,4%.
Бейнеу ауданында сайлаушылардың 87,27%, Қарақия ауданында - 84,7%, Маңғыстау ауданында - 85,4%, Түпқараған ауданында - 78,5% дауыс берді.
Сайлау бюллетеньдерге 25 үміткер енгізілді. Соның ішінде бес сайлау округінде - 2 кандидаттан, бес сайлау округінде - 3 кандидаттан.
Сайланған әкімдердің орташа жасы - 41,5. Ең кішісі - 26 жаста, ең үлкені - 60 жаста.
Сайланған 10 әкімнің жетеуі - мемлекеттік қызметкер. Оның ішінде 2 әкім нақты ауылдық округте қайта сайланды.
Өткен сайлаудың басты ерекшелігі - бюллетеньде «барлығына қарсымын» деген бағанның болуы.
Сайлаушылар арасында 279 адам бәріне қарсы дауыс берді.
Дауыс беру күні сайлау комиссияларына ешқандай өтініш пен шағым келіп түскен жоқ.