АИТВ инфекциясының 88 пайызы гетеросексуалдық байланыста жұққаны анықталған. 8 пайызы гомосексуалдық байланыста, ал 4 пайызы анадан балаға берілу жолымен жұққаны белгілі болған.
«АИТВ инфекциясының таралуы халықтың өмір сүру ұзақтығына, мемлекет пен өңір халқының экономикалық көрсеткіштері мен өмір сүру деңгейіне кері ықпалын тигізеді. Өткен 4 айда жалпы халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша 156 іс-шара өткізіліп, 7235 адам қамтылды», - деді Маңғыстау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Амангүл Кемазанова.