Маңғыстауда 43 градус аптап ыстық болады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Синоптиктер күннің қатты ысуына байланысты Маңғыстау облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстіктен және солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Күндіз кейжерлерде 43 градус аптап ыстық болады.