Жалпы өңірде нашақорлықтың алдын-алу мақсатында түрлі шаралар өтуде. Жауапты мамандар ақпараттық парақшалар таратып, лекциялар ұйымдастырып жатыр.
«Халықаралық нашақорлықпен және заңсыз есірткі айналысымен күрес айлығы аясында лагерлерде 10-нан аса түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар жыл сайын өткізіліп тұрады. Мақсат - жас ұрпақтың бойында есірткіге деген жек көрушілік қабілетін қалыптастыру», - дейді МО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Камиль Будайчиев.