Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, Мұнайлы аудандық сотымен М. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша қозғалған іс қаралған.
Соттың 2011 жылдың 13 шілдесіндегі сот бұйрығына сәйкес, М. ай сайын А-ның есебіне ортақ балалары үшін (18 жасқа толғанға дейін) өз айлығының үштен бірін аударып отыруға міндеттелген. 2016 жылдың тамыз айынан бастап, М. сот бұйрығын орындамай, бүгінгі күнге дейінгі қарызы 310 824 теңгеге жеткен.
Мұнайлы аудандық сотының қаулысына сәйкес, М. жоғарыда аталған 669-бабы бойынша кінәлі деп танылып, екі тәулікке қамауға алынды.