Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды lada.kz.
Сотталушының Маңғыстау тұрғынынан жер учаскесін беруге әкім шешімінің телнұсқасын бергені үшін 20 мың теңге пара талап еткені анықталды.
«Азамат Р. шенеунікке қатысты шаралар қолдану үшін Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне көмекке жүгінді», - делінген аудандық сот хабарламасында.
Сотталушы ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылды. Оның мүлкі тәркіленіп және мемлекеттік органдар мен мекемелерде өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, оған бір жарым жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.