Ақтау-Қаламқас бағытындағы жолда болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Еске сала кетейік, жаңбырдан кейін күн күрт суытып жолда бір жарым сантиметрлік мұз қабаты пайда болған. Көктайғақтың салдарынан автобус жолдан шығып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ, дейді Д. Табжанов.
Осыған байланысты арнайы техника жіберіліп, жолға құм мен тұз себілген. Тас жол ресми түрде жабылған жоқ.
Д. Табжанов сонмен аталған оқиғаның жүргізушілер өз көліктерін қысқа қажетті деңгейде сайламағандықтан болғанын да жеткізді.