Мектеп бітіретін 149 түлек «Алтын белгіге», 450 түлек Үздік аттестатқа үміткер.
«9-сынып оқушыларына арналған қорытынды емтихандар 2-13 маусым аралығында өтсе, 11-сынып түлектеріне арналған қорытынды аттестаттау 5-19 маусым аралығына жоспарланған. Ал жалпы орта білім туралы аттестаттар 11-сынып түлектеріне 21-22 маусымда мектептерінің қабырғасында тапсырылатын болады», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева.
ҰБТ тапсыру 18 мамыр басталып, 4 шілдеге дейін жалғасады. Биыл емтихан тапсыруға 13 580 өтініш келіп түскен және өңірде үш тестілеу орталығы бар.