Ер адам Шетпе аудандық ауруxанасына ауыр xалде түскен. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер дереу науқасқа ота жасауға кіріскен. Дәрігер-реаниматолог, xирургия бөлімінің жетекшісі, анестезиолог дәрігер жасаған ота сәтті шығып, ер адамның жағдайы тұрақталған. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты ауыр xалде.
МО ПД баспасөз қызметінің xабарлауынша, ер адам өз-өзін атып жіберген.
«Аталған факті расталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары басталды. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады» делінген xабарламада.