Ауыл әкімі арнайы су асты киімін киіп, құрлықтан 100 метр қашықта теңіз түбінен еріктілермен бірлесе отырып 3 тоннаға жуық қалдықты шығарған.
«Біз осыған дейін елдімекен тұрғындарының назарын ауыл ішіндегі қоқыстарға аударып келдік. Дегенмен, қоқыстардың бір бөлігі теңіз астында екендігі жасырын емес. Бұл бастаманың мақсаты - теңіз астындағы қоқыстарды айтарлықтай тазалап тастау емес. Әрине, бұл алғашқы қадамнан мүмкін емес. Басты мақсатымыз - тұрғындар назарын аудару, теңіз жағалауына демалу мәдениетін қалыптастыру»,- деді Сайран Қылыш.