Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш шара 2018 жылдың 11 шілде - 3 тамыз аралығында Каспий жағасындағы екі елдің қарым-қатынастарын нығайту мақсатында және Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткізіледі.
«Фирдоусидің «Шахнамесі» - әлем әдебиетінің жауһары» көрмесі 11 шілде күні сағат 16.00-де ашылады. Бұл көрмеге «Шахнаме» шығармасының қазақша нұсқасы, шығарманың мазмұнын сипаттайтын суреттер, орыс тіліндегі Иран жазушы, ақындарының шығармалары қойылады.
Сонымен қатар, көрмеге келушілер Иран елінің мәдениетімен ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан жануарлардың сүйегі түріндегі мозайкалардан тұратын әртүрлі ағаштардан жасалынған қобдишалар, түрлі сюжетті композициядан тұратын тағамдар, ерте кезеңдегі технологиямен жасалынған дастархан т.б заттар арқылы таныса алады.
Көрмені Маңғыстау облысының әкімінің орынбасары Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы, Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хоссейнғоли Нури, ИИР Қазақстандағы Елшілігінің кеңесшісі, мәдени орталық директоры Масуд Шейх Зейнеддин ашады.