Маңғыстауда ғарыш мониторингі 89 жерден заңсыз қоқыс үйіндісін тапты

АҚТАУ. ҚазАқпарат - «Қазақстан ғарыш сапарының» ғарыштық мониторинг көмегімен мамандар биыл Маңғыстау облысындағы 89 нүктеде рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның 52-сі бүгінге дейін жойылған.

«Бірнеше жеке тұлғаға айыппұл салынды. Жалпы өңірде тұрғындар саны күрт өсіп жатыр, сондықтан тұрмыстық қатты қалдықтар да көбейеді», - деді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев.

Өңірде Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандарындағы қоқыс үйінділері толық жойылған.

Ал Жаңаөзен қаласындағы 55 үйіндінің 28-і, Мұнайлы ауданындағы 14 қоқыстың 4 нүктесі ғана тазаланған.