Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Тимур Сәдуақасовтың айтуынша, зауыттың жұмысы тоқтағанымен өңірде сұйытылған газдың тапшылығы болмайды.
«Қазір қорда Қазақ газ өңдеу зауытынан шыққан 2 мың тонна газ, Ақтөбеден жеткізілген 1 мың тонна газ бар. Сұйытылған газдың бағасын бақылауда ұстап отырмыз. Зауыт өз жұмысын 27 сәуір күні жалғастырады», - дейді ол.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Маңғыстауда сұйытылған газдың орташа құны төмендетілген бағамен маусым айының соңына дейін қойылған. Газ бағасы қосымша құн салығынсыз - 38 701 теңге.