Маңғыстауда газет-журналды дрон жеткізе бастады

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылына республикалық корреспонденцияны бірінші рет дрон жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпошта» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, дрондар мерзімді басылымдарды облыстың сегіз аймағына жеткізеді, олар - Маңғыстау, Батыр, Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Сайын, Қызылсай және Ақшұқыр ауылы.

Басылымдарды дронмен жеткізужобасын Қазпошта үшінші жыл іске асыруда. Бірақ бұған дейін хаттар мен газет-журналдар дронмен тек Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан, ШығысҚазақстан және Қостанай облыстарында жеткізіліп келген. Биыл жобаға батыстың Маңғыстау және Ақтөбе облыстарықосылды.

«Дрон жеткізу процесіноңтайландыруға көмектеседі, бірақ олар пошта қызметкерінің жұмысын ешқашан алмастырмайды. Ең бастысы -республикалық газеттердің оқырмандары оларды осы ауылға пошта көлігі келген күні емес, газет шыққан күні алады.Дронның артықшылығы - жоғары ұтқырлық, жол сапасынан тәуелсіздік жәнеэнергияны аз тұтыну», - дейді «Қазпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалыныңдиректоры Дариға Өтебалиева.


Жалпы алғанда, жобаны іске асырубарысында дрондар 4 960 сағатта 145 мың шақырымды ұшып өтіп, шамамен 18,5 тонна мерзімді басылымдытасымалдады. Барлық аудандарда 2 және 4 кг жүк көтере алатын 20 дрон жұмысістейді.





Соңғы жаңалықтар