Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Аманбек Жұмыров мәлім етті.
«Өңірде вакцинация жүргізілгелі облыс бойынша I компонентпен 59004, II компонентпен 34224 адам егілді. Дегенмен, Маңғыстау өңірі екпе алудан республика бойынша ең төменгі орында. Қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы вакцинация. Сол себепті халықты вакцинациялау жұмысын қарқынды жүргізу қажет. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлі де жалғасатын болады», - деді Аманбек Жұмыров.
Бүгінде облысқа 209250 доза вакцина жеткізілді. Оның ішінде ресейлік «Sputnik V» вакцинасының I компоненті бойынша 96150 доза, II компоненті бойынша 57600 доза бар. Сондай-ақ «QazVac» екпесінің 4000 дозасы, «Hayat-Vax» вакцинасының 31500 дозасы, «CoronаVac» екпесінің 20000 дозасы әкелінді.