Маңғыстауда кәсіпкер 12 млн теңгесін әкімдіктен өндіріп алды

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық кәсіпкер ауылдық әкімдіктен ала алмай жүрген 12 млн теңгеге жуық қаражатын өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегімен өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке кәсіпкер М.Боқаев Ақшұқыр мектеп-лицейінеоқушыларды тасымалдағанқызметі үшін ауыл әкімінің қаражат аудармай отырғанын мәлім етіп, кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап келген еді.

Оқушы тасымалы бойынша Ақшұқыр ауылы әкіміаппараты мен жеке кәсіпкерарасында шарт жасақталып, іскер өз міндетін толық орындаған. 14 адамды жұмыспен қамтып, тиістісалықтарын да уақтылы төлеген.

Алайда, ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларыүшін орындалғанжұмыстарға ауыл әкімінің аппараты 11 725 000 теңге көлемінде қаражатты аудармай отырғаныанықталды. Соның салдарынан кәсіпкер жұмысшылардың жалақысын бере алмай, олар тарапынан данаразылық туындады.

Бұл дауды сотқа жеткізбей, жан-жақты қарап, оң шешімінтабу мақсатында,кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Жиын барысында, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы мен Ақшұқырауылы әкімі аппаратының өкілі қарызды жақын арада аударатынын мәлімдеп,уәделерін берген болатын.

Қазір 12 млн теңгегежуық қаражат толық көлемде аударылып, кәсіпкер арызы қанағаттандырылды.

«Бірнеше ай бойыжергілікті атқарушы органнан маңдай тер, еңбекақымызды ала алмай қиналып жүредік. Қол астымыздағы жұмысшылар да жалақысына қол жеткізе алмай наразы болыпкелген. МО «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлеріне алғысымыз шексіз.Сотқа сабылмай-ақ, даулы мәселені оң шешіп беруге көп күш жұмсады.Кәсіпкерлердің құқын қорғайтын осындай мекеменің болғаны үлкен қолдау»,- дейдікәсіпкер М. Боқаев.

Соңғы жаңалықтар