НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының облыстық филиал басшысының орынбасары мердігер ұйым өкілдерінен жүйелі түрде 1 млн теңгеден пара алып келді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» өкілі пара берген компанияларды әкімшілік жауапкершілікке тартпай, мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыз лобби жасап келген. Лауазымды тұлға кезекті параны алу кезінде қолға түсіп отыр. Бұл жолы да ол міндетін толық орындамаған мердігерге айыппұл салудың орнына пара талап еткен.
Күдіктігіе қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.