Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға кеше түнде Мұнайлы ауданында болған.
Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің кезекші операторының пультіне шақырту сағат 21:40-та түскен. Ынтымақ кентінде «Изнур» жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде «Audi C4» автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы ер адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір автокөлік айып тұрағына қамалды.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда көлік түйемен соқтығысып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қайғылы оқиға «Бейнеу-Боранқұл» тасжолында болған.