Маңғыстауда құрылысшыларға құрмет көрсетілді

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында құрылысшылар мерекесіне орай облыстық деңгейде салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, мерекеліккеште аймақ басшысы Серікбай Трұмов құрылыс саласының ардагерлері менқызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтап, жыл ішінде еңбекте озат, кәсіптетабыстылығымен көзге түскен бір топ озат құрылысшыларды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрлігінің «Құрметті құрылысшы», «Құрметті жолшы» төсбелгілерімен,«Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Жиында сөз алған өңір басшысы «Кезкелген елдiң экономикалық күш-қуаты мен әлеуметтiк тұрақтылығы құрылыссаласының дамуына тiкелей байланысты. Осы орайда, Маңғыстау өңірінде құрылыссаласы ерекше қарқынмен дамып, ауыз толтырып айтарлықтай қомақты табыстарға қолжеткізілуде. Жыл сайын кәрі Каспий жағалауымен жапсарлас бой түзеген ақмаржанАқтау келбеті көркейе, қанаты кеңи түсері анық. Осы орайда қызу еңбектің белортасында тер төгіп жүрген құрылыс-сәулет саласының «сайыпқырандарына» құрылыссаласын ілгерлету ісін тың серпінмен алға сүйреп, өңір экономикасыныңсан-саналы дамуына қосқан лайықты үлесі үшін алғысымыз шексіз», - деп өзініңжылы лебізін білдірді.

Мереке қарсаңындақұрылысшылар облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылын назардан тыс қалдырмай,балалар үйі мемлекеттік мекемесіне қайырымдылық көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар