Маңғыстауда қылмысқа қарсы ауқымды операция басталды - Бас прокуратура

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында құқық қорғау органдары қылмыс деңгейін төмендету және елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауда.

«Осы шаралар аясында, бүгін, 29 шілдедеҰлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып Маңғыстауоблысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің заңға қарсы әрекеттерінің жолынкесу бойынша ауқымды арнайы операция бастады»,-деп хабарлады ҚР Баспрокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірқатарауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде адам өлтіруге және ұрлауға,ақша қаражатын бопсалауға қатыстары бар. Бұл топтар қаруланған, ұйымшылдығыжәне дөрекілігімен ерекшеленеді.

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығыныңқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттыққауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ күштері мен құралдары тартылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауымүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттергебармауға шақырамыз.

«Жағдай құқық қорғау органдарының толықбақылауында. Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына жеткізілетінболады»,-делінген ҚРБас прокуратураның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар