Маңғыстауда Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлеріне жаңа көліктер берілді
18:39, 25 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау қаласында Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Қылмыстық-атқару инспекциясының қызметкерлеріне жаңа сегіз қызметтік көліктің кілті табыс етілді, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Маңғыстау облысы бойынша, ҚАЖ департаментінің бастығы Теймур Гашимовтың айтуынша, көліктер Маңғыстау облысының аудандарына беріледі.