Саладағы парақорлықты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің облыстық департаментінің мамандары анықтады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Аға тергеуші Әли Абдуловтың айтуынша, мамандармен бірге дәрігерлер де заңсыздыққа барған. Олар қаражаттың белгілі бір мөлшерін алып отырған. Оларға қатысты денсаулық сақтау басқармасына шара қолдану туралы ұсыныс жіберілген.
Жалпы, мемлекеттік бюджеттен қымбат зерттеулерді жүзеге асыру мақсатында 37 млн теңге бөлініп, облыстық диспансер медициналық ұйымдармен келісімшартқа отырған. Осы уақытқа дейін оның 27 миллионы игерілген.
«Онкологиялық диспансер өз кезегінде келісімшартқа отырған «Invivo» сияқты мекемелерге науқастарды жолдап отырған. Тұрмыстық жемқорлықтың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлық әшкереленуде. «Invivo» мекемесінің қызметкері алдау жолымен шамамен 20-25 адамнан 300 мың теңгеге жуық ақшаны алдап алған. Олардың барлығы дәрігердің жолдамасымен келген. Оған қатысты алаяқтық бойынша іс қозғалып, тиісті шаралар қолданылады»,-деді Қ Р Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің аға тергеушісі Әли Абдулов.