Қонақтарға электронды сот төрелігі, сот процестерін аудио-бейне тіркеу және бейнебақылау жүйесінің мүмкіндіктері, сот отырыстарын қашықтықтан өткізуге арналған бейнебайланыс құрылғыларының қызметі, ішкі-сыртқы қауіпсіздік жұмыстары таныстырылды.
Іс-шараға қатысушылар адвокаттар мен медиаторлардың кабинеттерін, күту бөлмелерін, сондай-ақ облыстық соттағы құқықтық қызмет көрсету орталығын,Ақтау қаласының №2 сотындағы фронт-офисті аралап көрді.