Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы таратқан мәліметке сүйенсек, олар мереке қарсаңында әріптестерімен басқосуға жиналатын қаржыны қайырымдылық қорына аударса, енді бір ұжым көмекке мұқтаж жандарға қол созды.
Мәселен, Маңғыстау ауданына қарасты 12 ауылдың әкімдік қызметкерлері 500 мың теңге жинап, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен жаңажылдық сыйлық үлестірді.
Сондай-ақ, 6 баласы бар арбада отырған анаға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек берді. Қарақия ауданының мемлекеттік қызметкерлері 631 мың теңге көлемінде қаржы жинап, қайырымдылыққа аударды.
«Қайырымдылық эстафетасын Маңғыстау облысындағы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жалғады. Ұжым облыстық орталық «Бекет ата» мешітіне 100 мың теңгеге жуық қаржы аударған. Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының қаржы басқармасы, кәсіпкерлік және сауда басқармасы, инвестиция және туризмді дамыту басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Мы люди, мы вместе» қайырымдылық қорына 1 күндік жалақысын аударды» делінген хабарламада.
«30 игі іс» республикалық акциясын Маңғыстау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жалғастырды.
Олар тұрмысы төмен отбасыларға ас үй жиһаздары мен кереует алып көмектессе, тағы 20 отбасыға азық-түлік жеткізді.