Жобаға қатысушылар ішінде - білімі жоқ кішкентай балалармен аналар, оралман, аз қамтылған, керең-мылқау, мүгедек әйелдер бар, оларды шаш қиюға және маникюр ісіне үйретеді.
«Жоба қатысушыларын ашық іріктедік, әлеуметтік желі арқылы әр санаттар арасынан үміткерлер іздеу туралы жарнама тараттық. Жұмыссыз, қолдаусыз, көмексіз қалған, ауыр жағдайда қалған әйелдерді іздедік. Біздің әріптесіміз - жетекші, белгілі сұлулық студиялардың бірі - «Эль» (Delux). Грант сомасы 1 млн 350 мың теңгені құрайды. Әр қатысушыға жұмыс істеу үшін тегін базалық жабдық, аспаптар ұсынылады», - деді «Өркениетті келешек» басшысы Гүлбаршын Қарабалина.
Шаштараздарды 2 ай оқытады. Қазір қатысушылар жарты курстан өтті. Бір айдан соң оларға тиісті сертификаттар беріледі. Маникюр мен педикюр шеберлеріне оқыту кейінірек басталды.
Барлық қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілерге шеберлік сыныбын көрсетеді.