Алаяққа алданғандардың бірі – Ақтау тұрғыны. Ол «мұнай саласына жұмысқа орналастырып беремін» деген адамға 6 млн теңге көлемінде ақша берген.
Дәл осындай арызбен полицияға арызданғанның екіншісі – жаңаөзендік. Ол алаяқтарға 1 150 000 теңге көлемінде шығынданған.
«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде 45 жастағы Жаңаөзен қаласының тұрғыны мен 27 жастағы күдікті әйел анықталып, ұсталды»,-деп мәлім етті полиция департаментінен.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.