Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «30 игі іс» қайырымдылық марафонына орайластырылды.
Шараға этно-мәдени бірлестік өкілдері және Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері қатысты.
Іс-шара барысында Маңғыстау облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері «Қала жолдары» қызметкерлеріне ыстық шай мен тәттілер сыйлады, сондай-ақ, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерге сыйлықтар берілді.
Бұдан бөлек Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Маңғыстау облыстық ауруханасының қызметкерлері үшін «Мың алғыс» акциясын ұйымдастырды.