Құқыққорғау органдары қылмысқа күдікті адам ұсталғанын мәлімдеді.
Қылмыстық іс бірнеше күн бұрын жасалған. Ол туралы редакцияға қаза тапқан 54 жастағы азаматтың бауыры хабарлады. Туысының айтуынша, қылмыскер құрбанын қатты соққыға жығып, белгісіз жерге жасырынған. Ер адам, кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің редакцияға берген мәліметі бойынша, оқиға туралы хабарлама Мұнайлы полиция бөлімшесіне келіп түскен. Өнеркәсіп аумағында денесінде күш көрсету белгілері мен түрлі жарақаттары бар адамның денесі табылғаны айтылған.
«Осы факті бойынша барлық сараптамалар тағайындалды, ҚР ҚК 106-бабы 3-тармағы бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті ұсталды және уақытша қамау изоляторына қамалды», - деді Облыстық полиция департаменті өкілдері.