Маңғыстауда өрт жиі болатын аймақтарға ғарыштық мониторинг жүргізіледі

Фото: None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында өрт ошақтарын анықтау мақсатында ғарыштық мониторинг жүргізілмек. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтуынша,жоспарға сәйкес, облыстық әкімдіктен 4 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылмақ.

«Өрт ошағынертерек анықтап, кезекшілерге дер кезінде ғарыштық мониторинг арқылы дабылқағылған жағдайда, тез арада әрекет ететін 25 маман арнайы оқытылды», - дедіҚуанар Базарбаев.


Жыл басынан беріоблыс аумағында 126 өрт оқиғасытіркелген. Бұл көрсеткіш 2018 жылменсалыстырғанда 10%-ға азайып отыр. Орын алған оқиғалардан 2 адам қаза тауып, 4адам зардап шеккен.

Деректергесүйенсек, тіркелген өрт оқиғасының көп бөлігі тұрғын үйлерде орыналған. Сондай-ақ, автокөліктерде де 44 өрт оқиғасы болды.

Мамандардыңайтуынша, өрт оқиғаларының алдын алып,азайту мақсатында тұрғындарға өткізілген үгіт-насихат және профилактикалықжұмыстар нәтижесінде өрт саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға азайған. Бүгінде адамдардың қазаболуын, жарақаттануын алдын алу және өрт оқиғаларының санын азайту мақсатындатұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіруге көп көңіл бөлінген. Атап айтсақ, сенбіліктер өткізіліп, үй иелерінежадынамалар таратылып, рейдтер жүргізілген.

Соңғы жаңалықтар