«Зауыт әлі толық қуаттағы жұмысқа көшкен жоқ. Десе де, қазірдің өзінде тапсырыс берушілер саны көп. Мәселен өзіміздің күнделікті шығаратын өнімімізден бөлек қарағандылық кәсіпкерлер үлкен көлемде полимер парағына тапсырыс беріп отыр. Одан бөлек көрші елдерден де тапсырыс ала бастадық», - деді «Достық Полимер Плюс» ЖШС негізін қалаушы Надежда Карась.
Жобаның жалпы құны 368, 4 млн теңге. Полимер қаптама шығаруға толық мүмкіндік беретін автоматтандырылған құрылғылармен жабдықталған зауытта 10 жаңа жұмыс орны құрылды.