Екінші орынды ерлі-зайыпты Стефан мен Андреа Петерансельдердің экипажы иеленсе, үздік үштікті Якуб Пшигонски мен Тимо Готтшальк түйіндеді.
Алты кезеңнің қорытындысы бойынша Нассер Әл-Аттия үздіктер көшін бастады. Ол «Ралли Қазақстан» кезеңінің екі дүркін жеңімпазы. Toyota Hilux автокөлігін тізгіндеген шабандоз биыл 6 жарысқа қатысып, барлығында да топ жарған. Ал, Т2 санатында Toyota Landcruiser автокөлігіндегі тағы бір катарлық Мохаммед Әл-Меер дара шықты.
«Бүгін біз Каспий теңізінің жағасында мәре сызығын кестік. Сөз жоқ, әдемі пейзаждар, тамаша жағажай. Енді Марокко раллиін күтеміз. Әлбетте, бұл - біз үшін жақсы жыл. Барлығын бақылауымызда ұстадық. «Ралли Қазақстаннан» үлкен тәжірибе алдым», - дейді Мохаммед Әл-Меер.
Ралли-рейд өңірде 27 мамыр мен 1 маусым аралығында өткен болатын. Автошабандоздар шөлде құм және құмсыз, төбе жолдармен жүріп өтті. Барлығы 2,5 мың километрден астам қашықтықты бағындырды. Спорттық сайысқа әлемнің 17 елінен 28 экипаж бақ сынады. Ал, Қазақстан атынан 3 экипаж қатысты. Андрей Чередников пен штурман Игнат Фальков 6-шы орын иеленді.