Департаментке тұрғындардан жазбаша - 393, Telegram бот арқылы – 34, жеке қабылдауда – 380 және жедел желі бойынша 495 өтініш келіп түскен.
Барлық өтініш қаралып, оның 725-і қанағаттандырылған. Ал 504-і түсіндірілген.
«Қазіргі таңда тұтынушылар интернет дүкеннен киім және өнімдерге тапсырыс береді. Алайда кей тұрғындардың әлеуметтік желіде алданып қалып жүргеніне куәміз. Сол себепті тапсырыс бергенде өте мұқият болуыңызды сұраймыз. Жалпы департамент Сауда қызметін реттеу туралы заң бойынша - 22, Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заң аясында - 1, барлығы 23 тексеріс жүргізді. Биыл заң талаптарын орындамаған 21 кәсіпкерлік субьект әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- дейді Маңғыстау облыстық cауда және тұтынушылар құқығын қорғау департментінің басшысы Рауан Мұхаев.