Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Рзаханов мәлім етті.
«Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 14.00-дегі (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетенін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 36,6 % алды», - деді А. Рзаханов.
Олардың ішінде Бейнеу ауданы Сарға ауылы – 58,9 %, Есет ауылы – 61,8 %,Төлеп ауылы – 58,9 %, Сам ауылдық округі бойынша – 66 % адам дауыс берген.
Ал Қарақия ауданы бойынша Құланды ауылдық округі бойынша – 66,9 % адам таңдау жасаған.
Сондай-ақ, Маңғыстау ауданындағы Тұщыкұдык ауылдық округі бойынша – 46,1 %, Қызан ауылы – 43,8 %, Жармыш ауылы – 36,8 %, Онды ауылдық округі бойынша – 34,8 % тұрғын дауыс берген.
Ал Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылында – 22,1 % сайлаушы таңдау жасаған.
Маңғыстау облысындағы ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерін сайлауға 14 сайлау учаскесі қатысады.
Барлығы 141 44 сайлаушы сайлау науқанында сайлаушылар тізіміне енгізілді.
Сайлаушылардың ең көбі Ақшұқыр ауылында - 6877, ал ең азы Сам ауылдық округінде - 403 сайлаушы.
2021 жылдың 25 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша 07:00-де бүкіл 14 сайлау учаскесі дауыс беру процесін бастады.