Хабарламада белгісіз ер адам сергек жүйесінің 1 маусымнан емес, 26 мамырдан бастап іске қосылғанын айтып, қаладағы көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Гүлшара Бастаубаева бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Аудиожазбада таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Сергек жүйесі қосылған уақытта өңір тұрғындарына міндетті түрде ақпарат таратылады. Сондықтан, өңір тұрғындарын тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын», - деді ол.