«Облыста соңғы 3 жылда 3 миллионнан астам гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде игерілмей жатқан 2 млн 406 мың 441 гектар ауыл шаруашылығы алқабы Қарақия ауданындағы «Сенек» ЖШС-на тиесілі» деді Маңғыстау облысы бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы Есемұрат Дүзмағамбетов.
Жер телімін электронды сауда, конкурстар арқылы пайдалануға болады.