«Қазір 2023 жылға өтініш қабылданып жатыр. Бірақ дәрілердің бір бөлігі бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алынды. Қалған дәрілерді күтіп отырмыз. Барлығы алынған соң облысқа жеткізілетін болады. 2021 жылы Шетпедегі 1 науқасқа дәрі алынып, облыстық көпбейінді ауруханада бірінші ампуласы салынды. Сонымен қатар Фабри ауруымен ауыратын, гормоналды препараттарды қолданатын науқастар да бар», - деді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрімен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Жанар Төлебаева.
Дәрігерлердің айтуынша, амбулаторлық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алу үшін науқас ең алдымен емханаға тіркеледі. Анализ тапсырып, ауруы расталғаннан кейін диспансерлік есепке тұруы керек. Оған қоса науқастың деректері тіркеу журналында болу қажет.
Ал егер тегін дәрі-дәрмек науқасқа берілмей жатса, 1439 қысқа нөмеріне тегін қоңырау шалып, толық ақпарат білуге болады.